📚 **ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС – 2026**
2026 жылғы 18 тамызда мектебімізде **«Бірыңғай білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы: конституциялық құндылықтар, жасанды интеллект және адами капитал»** тақырыбында әдістемелік кеңес өтті.
Кеңестің мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық басымдықтары жөнінде бірыңғай түсінік қалыптастыру және оларды **2026–2027 оқу жылында** педагогикалық ұжым мен әдістемелік бірлестіктердің қызметінде жүзеге асырудың нақты тетіктерін айқындау.
Кеңес барысында конституциялық құндылықтарды дәріптеу, **«Адал азамат» бағдарламасы, «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан»** қағидаттарын білім беру үдерісіне енгізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар жаңа оқу жылындағы Нұсқаулық-әдістемелік хаттың негізгі бағыттары, білім сапасын арттыру, функционалдық сауаттылықты дамыту, цифрлық трансформация және **жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалану** мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ әдістемелік бірлестіктердің кәсіби педагогикалық қауымдастық ретіндегі рөліне назар аударылып, мектептің бірыңғай әдістемелік жұмысын жүйелі ұйымдастыру бағыттары белгіленді.
✨ **Жаңа оқу жылы – жаңа міндеттер, �
https://www.instagram.com/reel/DcMI-N2toBd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3
ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17
EMAIL:
32-astana@edu.kz